"Дәулет" индустриалды аймағы «ULTTYQ O`NIM-2019» көрмесінде

Көрмеге Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ден астам компания келді. Атырау облысының өндірушілері қатарында «Дәулет» индустриалды аймағы да қатысьы. Мұнайлы астананың ең ауқымды тағам өндіріс орны саналатын «Дәулет» индустриалды аймағы көпшілік назарына нан, кондитерлік және макарондық өнімдерін, таза ауыз су, ұн және консервліенген ет түрлерін ұсынды.


IMG-20190504-WA0018.jpg
IMG-20190504-WA0011.jpg
IMG-20190504-WA0013.jpg

 3 күнге созылған көрме барысында қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтары; шетелдік әріптестер мен халықаралық қаржы институттары өкілдерінің  қатысуымен B2B кездесулер өтті.

   Сонымен бірге көрмеге қатысушы жергілікті кәсіпорындар  арасында «Халық таңдауы» атты дегустация байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

   2016 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған мемлекеттік  «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында «Дәулет» индустриалды аймағында ауысымына 15 т нан және кондитерлік тағамдар өндіретін «Дәулет Нан» зауыты іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда зауыт өнімдері Атырау қаласындағы және жақын аудандардағы дүкен сөрелерінде қолжетімді бағамен сатылады.

IMG-20190504-WA0019.jpg

Возврат к списку

alfaSystems sline everyday ED91TG62